Павлодар облысында ер адам үйден жанып жатқан баллонды алып шықты

395

Батылдық танытқан ауыл тұрғыны өрттің үйдің бүкіл алаңына таралуына жол бермеді. 

Павлодар облысында ер адам үйден жанып жатқан баллонды алып шықты Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 мамыр күні сағат 18.25-те № 8 өрт сөндіру бөлімінің 101 арнайы желісіне Бобровка ауылдық округінің Жасқайрат ауылында тұрғын үйдің жанғаны туралы хабарлама түскен, деп жазады inbusiness.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

– Шақыру орнына № 8 ӨСБ-нің күштері мен құралдары жіберілді. Евгений Кузнецов көрші үйдегі шуды естіп, сол жаққа қарай бет алған. Үйдің сыртындағы адамдардан үйде газ баллоны бар екенін білді, – деді департаментте.

Ауыл тұрғыны табандылық танытып, үйге кірген кезде бөлмелердің бірінде жанып жатқан газ баллонын  көрген. Дереу жалынды қол астындағы құралдармен сөндіріп, газ баллонын көшеге шығарған.

Евгений Щербак шаруа қожалығында жүргізуші болып жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу