Павлодар облысында ірі инвестор жер учаскесін ала алмай келген

160

Көлік прокурорларының араласуынан кейін инвестор жер алып, өз жобасын жүзеге асыруды жалғастырды.

Павлодар облысында ірі инвестор жер учаскесін ала алмай келген

Көлік прокурорлары шетелдік инвестордың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осындай жобалардың бірі құрамында 300 мың тонна алтын бар концентратты қайта өңдейтін "Ертіс ГМК" зауытының ("ЕГМК" ЖШС) құрылысы болып табылады. Жоба инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулдың құрамында, оның құны 347 млрд теңгені құрайды.

"Өз жобасын іске асыру барысында бизнесмен уақытша айлақ салу үшін жер учаскесін алу және ірі габаритті жүкті тасымалдауға рұқсат құжаттарын беру мәселесіне тап болды.

Бұл өз кезегінде жобаны іске асыру мерзімдерінің бұзылуына әкелуі мүмкін еді.

Фронт-офис жұмысы шеңберінде уәкілетті органдарды үйлестіру арқылы кәсіпкер субъектісі жер учаскесін және жүктерді тасымалдауға рұқсат құжаттарын уақтылы алды", - делінген Бас көлік прокуратура хабарламасында.

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда және прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу