Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі өртеніп кетті

428

Зардап шеккендер жоқ.

Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі өртеніп кетті Фото: Pavlodarnews.kz

Оқиға кеше, 8 маусымда Павлодар ауданы маңында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Осы жағдай туралы сағат 20:12-де хабарлама келіп түсті. Онда Павлодар ауданының маңында Жертұмсық ауылынан 28 шақырым жерде жүк көлігінің жанып кеткені айтылды. Көлікке қағаз қалдықтары тиелгені белгілі болды", - делінген хабарламада.

Құрбандар мен қаза тапқандар жоқ. Жүргізушіге медициналық көмекті қажет болмады.

Оқиға орнына ТЖ департаментінен 4 қызметкер мен бір техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу