Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші әйел көз жұмды

333

Полиция тексеріс жүргізіп жатыр.

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші әйел көз жұмды Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында жол апаты болды, деп жазады inbusiness.kz ІІМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 25 маусым сағат 17:30-да Астана-Шідерті автожолының 252 шақырымында болған. 

"Mercedes автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып қалып, оқиға орнында қаза тапты. Екі кәмелетке толмаған жолаушы ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Көлік айыппұл тұрағына қойылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу