Павлодар облысының тұрғыны өз қызын зорлады деген күдікке ілінді

258

Іздеудегі адам туралы ақпарат облыс пен республика бойынша жіберілді. 

Павлодар облысының тұрғыны өз қызын зорлады деген күдікке ілінді Фото: dw.com

Павлодар облысының полицейлері өз қызын зорлады деген күдікпен облыс тұрғынын іздестіріп жатыр. Тергеушілердің айтуынша, ер адам екі жылға жуық уақыт бойы қылмыстық әрекет жасаған, деп жазады inbusiness.kz сайты pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының полиция департаменті полицейлер өз қызын зорлады деген күдікке ілінген ер адамды іздеп жатқанын хабарлады.

"Қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген Павлодар облысының полиция департаментінің түсініктемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу