banner

Павлодарда "Ауыл аманаты" жобасы аясында 300 кейсті бастама жүзеге асырылмақ

504

Осы мақсатта 1,5 млрд теңге бөлінді, деп жазады inbusiness.kz @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.  

 Павлодарда "Ауыл аманаты" жобасы аясында 300 кейсті бастама жүзеге асырылмақ Фото: Валерий Бугаев

Облыс әкімі Асайын Байханов ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармаларының, сондай-ақ, "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ өкілдерімен "Ауыл аманаты" жобасын іске асыруын бастауды талқылады.

- Жобаның негізгі мақсаты — халықтың табысын арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу болып табылады, - делінген хабарламада.

"Ауыл аманаты" жобасы қатысушыларға 2,5%-ды құрайтын төмендетілген сыйақы мөлшерлемесі бойынша шағын несие беруді көздейді. Шағын несие 8,6 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды. Павлодар облысында жоба шеңберінде 300 кейсті жобаны жүзеге асыруға 1,5 млрд теңге бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу