Павлодарда онкологиялық дерт дендеп тұр

495

Павлодар облысы онкологиялық аурулар бойынша республикада үштікті түйіндейді.

Павлодарда онкологиялық дерт дендеп тұр Фото: inform.kz

Өндірісті өңірде өкпе рагы өршіп тұр. Десе де, екі жыл бұрынғы статистикамен салыстырғанда былтыр қатерлі ісіктен көз жұмғандардың саны азайған. Кейінгі кездері әйелдерде болатын сүт безінің обыры озып барады. Мамандар, дерт жұқтырған адамдардың дер кезінде ауруханаға бармайтынын алға тартады.

Павлодар облысында онкологиялық аурулар әлі де күрделі. Оны Керекуге келген сапары барсында еліміздің денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың өзі де мойындаған. Соның ішінде, өкпенің қатерлі ісігі көш бастап тұр. Одан кейін сүт бездері рагы және ішкі құрылыстағы асқазан, ішек ісіктері. Адамдар өз беттерімен медициналық тексеруден өтпейді. Ісік аурулары көп жағдайда басқа тексерулер кезінде анықталып жатады, дейді.  

"Бұл аурулар республикалық көрсеткіштерге қарағанда жоғары болып тұр. Мәселе, бұл аурулардың алдын алу үшін ертерек анықтау. Скрининг немесе профилактикалық тексерістерді сапалы өткізу. Тек қана 6 пайызы әртүрлі өтетін тексерістер бойынша анықтап отыр онокологиялық аурулар. Ал, қалғандары көбі, қандайда бір жалобамен ауру сезілгенде барып отыр", дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Павлодар облысында сүт бездері обырымен ауыратын әйелдердің саны 20 мыңға жуықтаған. Еліміздің бас дәрігері бұл ретте ақ халаттылардың да салғырттығы бар екенін жасырмайды. Жергілікті жердегі мамандар, қыз-келіншектерді екі жылда бір рет тексерістен өткізіп тұрса, мұндай көрсеткіш болмас еді. Ал, сырқатқа шалдыққандар дәрігерлердің науқастармен қарым-қатынасының нашар екеніне налиды.

Статистикалық деректерге сүйенсек, Павлодар облысында 2021 жылы окнологиялық аурулардан 825 науқас қайтыс болды. Ал, былтыр бұл көрсеткіш 72 адамға азайған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу