"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 ақпанда 7 жас домбырашы мұғалімімен бірге Алматыдан Шымкент қаласына жарысқа жолға шыққан.
Сапар барысында балалар пойызда жарысқа дайындық жұмыстарын жүргізіп, вагон жолаушыларына өнерлерін көрсетіп, оларға керемет көңіл-күй сыйлады.
Бейнежазбаны №11 пойыздың 19 вагонының жолсеріктері ұсынды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        