Полицейлер Алматыдағы жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқандарды іздестіріуде

469

Жалған ақпарат таратқандар жазаға тартылмай қоймайды.

Полицейлер Алматыдағы жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқандарды іздестіріуде Фото: pexels

Құқық қорғау органдары кеше түнде қоғамда негізсіз дүрбелең мен үрей тудырған жалған ақпараттардың авторларын іздестіріп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деп ескертеді полиция департаменті.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 274-бабы "Бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн платформаларды пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат жариялағандарды жазаға тарту көзделген.

Бұл бап бойынша жаза 3 мың АЕК (11 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 3 жылға бас бостандығынан шектеледі.

Бұған дейін тәртіп сақшылары азаматтарға тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге шақырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу