Путин мен Трамптың қайда кездесетіні белгілі болды

Ресей мен АҚШ президенттерінің анық кездесетіні жайында Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков мәлім еткен еді.

Путин мен Трамптың қайда кездесетіні белгілі болды Фото: © Sputnik / Михаил Климентьев

Ал бүгін кездесу өтетін елдің аты аталды, хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл сұраққа Ресей президенті сұраққа жауап беріп көрген. 

– Бізге мұндай маңызды жоғары деңгейдегі екіжақты кездесуді ұйымдастыруға дайын достарымыз көп. Солардың бірі – Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті. Бұл ел – кездесу өткізуге лайық, тіпті өте лайық орын деп ойлаймын, – деді ол БАҚ өкілдерінің сұрағына. 

Путин өз кезегінде жолығуға қос тараптың да қызығушылық танытып отырғанын жасырмады. Қазіргі уақытта кездесу орны нақтыланған, кейін тағы да қосымша жарияланады. Болжалды мәліметке сенсек, кездесу келесі аптада өтуі ықтимал. 

6 тамыз күні Мәскеуде Путин мен Трамптың арнайы өкілі кездескенін жазған едік.

Ал 14 шілдеде Трамп Ресейге Киевпен бейбіт келісімге келмесе, 50 күндік ультиматум енгізетінін айтты.

Кейінірек бұл мерзімді 10-12 күнге дейін қысқартқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу