"QAZAQ OIL" қызметкерлері Египетте демалып келді

477

"Qazaq Oil" компаниясының отызға жуық қызметкері арнайы жолдамамен бір апта демалып келді.

"QAZAQ OIL" қызметкерлері Египетте демалып келді Фото: Qazaq oil

Ел шығысындағы Таскескен ауылында орналасқан жанармай құю бекетінің 12 жұмысшысы Египедте демалды. Қыс ішінде Қызыл теңізге шомылып, Мысыр елінің көрікті жерлерінде саяхаттап қайтты. Ал Өскемендегі жанармай құю бекетіндегі қызметкерлер Бурабайда тынығып, денсаулықтарын түзеу үшін бір апта бойы әртүрлі емдік шараларды қабылдады.

Демалуға барғандар "Qazaq Oil" компаниясының ең үздік жұмысшылары. Үздіктер бір жыл бойы жасаған жұмыстарының көрсеткіштері арқылы анықталды. Ол үшін компания еліміздің түкпір-түкпіріндегі 381 жанармай құю бекетінің қызметкерлері арасында "Чемпиондар лигасы" байқауын өткізген болатын. Үш кезеңге бөлініп ұйымдастырылған сайыста Абай облысына қарасты Таскескен ауылындағы жанармай құю бекетінің қызметкерлері үздік деп танылған еді.

"Египетке бардық. Мысыр еліне барып, Қызыл теңізде қыстың ішінде демалған деген жақсы. Жақсы әсер алып қайттық. Өзімізді жақсы сезініп қайттық. Қыс ішінде демалған жақсы екен. Компанияға рахмет айтамыз", Таскескен ауылындағы Ғ-124 жанармай құю бекетінің операторы Қайрат Нүсіпов. 

Таскескен Алматы-Талдықорған-Өскемен бағытындағы тас жолдың бойында. Күре жолдан көлік үзілмейді. Жанармай құю бекетінде күні-түні жұмыс. Сайысқа қатысып, бағын сынаған мұндағы әр адамның еңбегі мұнда келген әрбір тұтынушының жасырын дауыс беруі арқылы да бағаланған.

Компания ішінде өткізілген республикалық сайыста екінші орынды өскемендік Ғ-111 жанармай құю бекетінің қызметкерлері жеңіп алған еді. "Qazaq Oil" басшылығы оларға Бурабайдағы Оқжетпес санаториіне жолдама беріп, бір апта демалып келуге жағдай жасады.

"Бурабайдың Оқжетпес деген санаториінде болдық. Өте жақсы демалдық. Он төрт кісі бардық. Неше түрлі емдік шаралары болды. Барлық нәрсесі жақсы болды. "Qazaq Oil" АЗС-іне несіне фирмасына көп рахмет айтамыз", дейді Қаладағы Ғ-111 жанармай құю бекетінің кассирі Әсемгүл Кетшубаева.

"Qazaq Oil" компаниясы бұл жағдайды тек қызметкерлері үшін жасап отыр. Ондағы бар мақсаттары жұмысшылардың белсенділігін арттыру арқылы қызмет сапасын жақсарту. Себебі, компания станциялары кеңейіп, тұтынушыларына тек жанармай ғана емес, жүргізуші мен жолаушыға қажетті тауарлармен де қамтамасыз етуде. Айта кетейік, "Чемпиондар лигасы" байқауы биыл да жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу