Ресей Қырғызстанда тағы тоғыз мектеп ашады

530

Ресей биыл Қырғызстанда тоғыз жалпы білім беретін мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отыр.  

Ресей Қырғызстанда тағы тоғыз мектеп ашады Фото: img7.eadaily.com

Бұл туралы Бішкекте Ресейдің Қырғызстанға берген өрт сөндіру машиналарын тапсыру рәсімінде РФ Президентінің шет елдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқармасының бастығы Игорь Маслов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz 24.kg ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"29 наурызда үкіметаралық келісімге қол қою үшін Қырғызстанға вице-премьер-министр Алексей Оверчук бастаған Ресейден делегация келеді. Бұл маңызды бағдарлама. Әр мектеп 1 мың 200 оқушыға арналған және барлық заманауи стандарттарға сәйкес келеді — қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі, әрқайсысында екі бассейн мен футбол алаңын қамтитын қуатты спорттық база құрылады. Құрылыс биыл басталады. Жобаны іске асыруға шамамен 500 миллион доллар сомасы Ресей бюджетінен беріледі", - деді ол.

Бұған дейін қырғыз парламентінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Ресеймен мектеп салу туралы келісімді қолдады. Жалпы білім беру мекемелері Бішкек "Ақ-Ордо" тұрғын алабында, Ош қаласының "Оңтүстік-шығыс" шағын ауданында, Новопавловка ауылында, Қаракөл қаласында, Жала-Абад мемлекеттік университетінің аумағында, Өзген ауданының Прогресс ауылында, Баткен облысының Айгүл-Таш учаскесінде, Бала-Саруу ауылында, Талас облысы, Нарын қаласындағы Жапаралиев атындағы саябақ ауданында салынады.

Оқу бағдарламасы ресейлік және қырғыз стандарттары бойынша құрастырылады. Оқылатын пәндер: қырғыз тілі, әдебиеті, Қырғызстан тарихы, соғысқа дейінгі дайындық және басқалар. Түлектер екі елдің аттестаттарын алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу