Ресейде ковид жұқтырғандар саны артты

340

Сарапшылар Ресейде ковид ауруының күшейгенін байқады, бірақ ауруханаға жатқызылғандар көп емес. 

Ресейде ковид жұқтырғандар саны артты

Бұл туралы Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко "Россия-1" телеарнасындағы "Вести" бағдарламасында берген сұхбатында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңда біз назар аударғымыз келетін бірнеше инфекциялар бар. Әрине, жаңа коронавирустық инфекция жұқтыру саны артты, бірақ ол бұрынғыдай өршіп тұрған жоқ. Ауруханаға жатқызылған науқастар саны көп емес", - деді ол.

Алайда сақтық шараларын ұмытпаған дұрыс, деп қосты министр.

"Оған қоса бірқатар респираторлық вирустар ауаға таралды. Сондықтан дәл қазір жаңа маусым алдында вакцинациядан өтуге ең оңтайлы уақыт. Сондықтан біз жағдайды бақылап отырмыз", - деді ол

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу