Ресейде ұшақ апатты жағдайда қонды: тың мәліметтер белгілі болды

532

Әр жолаушыға 100 мың рубльден төленетін болды.

Ресейде ұшақ апатты жағдайда қонды: тың мәліметтер белгілі болды Фото: НГС

Бүгін Новосибирск облысындағы алаңға апаттық қонған Airbus A320 ұшағы жақын арада қайта көкке көтеріледі. Бұл туралы "Урал авиакомпаниясының" бас директоры Сергей Скуратов мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Ұшақ қонды, оның сыртына мүлдем зақым келмеген, ол шассиде тұр. Қазір әуе кемесін қалпына келтіріп жатырмыз, ол сынған жоқ", деді ол.

Компания қону алаңынан ұшақты жеткізу кем дегенде бір айға созылады деп болжайды. Бұл ретте Скуратов лайнердің қалай жеткізілетінін нақтылаған жоқ.

Ол сондай-ақ гидрожүйелердің бірі істен шыққанын хабарлады, барлығы үш гидрожүйе бар екенін түсіндіріп. Оның айтуынша, "Урал авиакомпанияларының" барлық ұшақтары жоспарлы қызмет көрсетуден өтеді, ұшақтардағы бүкіл қосалқы бөлшектер сертификатталған.

Ол сондай-ақ борттағы барлық жолаушылар 100 мың рубльден төлемдер алатынына сендірді.

Таңертен Ресейде апатты жағдайда қонған ұшақта қазақстандықтар болуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз Алайда Inbusiness.kz тілшісінің сұрауына жауап берген ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бортта қазақстандықтардың бар-жоға жайлы әлі ресми ақпарат келіп түспеді деп жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу