Ретсіз құрылысқа тосқауыл бар ма?

607

Астана мен Алматы қалаларындағы құрылыс күндіз-түні толастар емес.  

Ретсіз құрылысқа тосқауыл бар ма?

Бірі заңнамалық тәртіп бойынша салынып жатса, екінші бірі жүгенсіз бой көтеріп жатыр. Ретсіз құрылыстың зардабын қарапайым халық көреді. Себебі оның салдары көлік инфрақұрылымының шамадан тыс жүктелуіне, мектептер мен ауруханалардың шалғайда орналасуына әкеледі. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бұл мәселені шешу үшін тиісті заң жобасы дайындалып, Мәжіліске жолданғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Біріншіден, ретсіз құрылыс туралы біртұтас түсінік болу керек. Сол себепті де егжей-тегжей жоспардың қала құрылысы бойынша мемлекеттік сараптамадан өтуі керек деп айтылды. Қала құрылысына жауап беретін сарапшылар қол қойған шешімдер үшін дербес жауапкершілікке тартылады. Егер де құрылыс жоспары ҚР қала құрылысы нормаларына сәйкес келсе, ресми негізделген қорытынды береді. Сәйкес келмеген жағдайда тиісті шешім туралы айтылады", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу