Риддердегі жылу электр орталығында екі қазандық әлі жөнделіп жатыр

571

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығын қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдік таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.  

Риддердегі жылу электр орталығында екі қазандық әлі жөнделіп жатыр Фото: gov.kz

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, Риддердегі жылу электр орталығын қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында.

"Орталықтағы жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалау аса маңызды. Өкінішке қарай, қазір тек төрт қазандық жұмыс істеп тұр. Үшеуі орташа және біреуі жоғары қысымды. Екі қазандық агрегаты жөнделуде. №4 қазандықта іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. 25 қарашада ол толық іске қосылады деп жоспарлануда. №5 қазандық толығымен тексеріліп, қажетті жабдықтармен жабдықталған және 5 желтоқсанда жылыту жүйесіне қосылады", - дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, апатқа дейін ЖЭО-да қажетті 75 жұмысшының тек 29-ы жұмыс істеген. Қазір қызметкерлер жұмысқа қабылданып, толықтай жинақталды.

"ЖЭО-да 130 адам тұрақты жұмыс істеп жатыр, олардың арасында Өскемен қаласының мамандары да бар. Барлық туындаған ақаулар тез арада жойылады. Көмір жеткізу жолға қойылған. Орталық басшылығы қазандықтарды жөндеуді тек 2023 жылдың ақпанында жүргізбекші болған. Бұл күрделі мәселелер туындатар еді", - деді ШҚО әкімі Д.Ахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу