Сайлауда 5% дауыс жинамаған кандидаттар бюджетке 15 млн теңге пайда келтірді

851

"Сайлау туралы" Конституциялық Заңның 54-бабы бойынша әрбір кандидат Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгізген болатын. 

Сайлауда 5% дауыс жинамаған кандидаттар бюджетке 15 млн теңге пайда келтірді Фото: Azattyq.org

"Сайлау туралы" Конституциялық Заңның 54-бабының талабына сәйкес, сайлаушылардың 5% дауысын жинамаған Президенттікке кандидат Орталық сайлау комиссиясына енгізген жарнасын қайтарып ала алмайды, деп жазады inbusiness.kz.

"Сайлау туралы" Конституциялық Заңның 54-бабы, 2-тармағында былай деп көрсетілген:

"Президенттікке кандидат Орталық сайлау комиссиясының шотына заңнамада белгіленген ең төмен жалақының елу еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Егер сайлау қорытындысы бойынша кандидат Республика Президенті болып сайланса немесе дауыс беру қорытындысы бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын алса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады".

Биыл елімізде ең төмен жалақы мөлшері 60 мың теңге. Әрбір кандидат Орталық сайлау комиссиясына елу еселенген ең төменгі жалақы мөлшері, яғни 3 млн теңгеден жарна енгізген болатын. Заң талабына сәйкес сайлаушылар дауысының 5%-ын жинамаған кандидаттардың жарнасы, яғни 15 млн теңге республикалық бюджетке түсуі тиіс.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу