"Салтанат Нүкенованың өзі Қуандықты қатты қызғанған…"

1093

Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Бишімбаев ісі бойынша алдын ала сот отырысы өтіп жатыр.  

"Салтанат Нүкенованың өзі Қуандықты қатты қызғанған…" Фото: Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары BAU мейрамханасының камераларына түскен видео заңсыз түрде алынып, іске қосылғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Сонымен қатар қорғаушылар өтінішінде Бишімбаев пен Нүкенованың қарым-қатынасына қатысты дәлелдерді қайта қарауды сұрап, жеке жазбаларда "Салтанаттың өзі Бишімбаевты қатты қызғанғанын" көруге болатынын айтты.

Олардың айтуынша, Бишімбаевтың әйелімен бірге тұрған кезде зәбір көрсеткені дәлелденбеген. Тіпті, олар 12 ай ішінде бірнеше рет шетелге демалуға шыққандарын атап өтті.

Экс-министрдің ісі бойынша тыңдауды судья Айжан Құлбаева жүргізеді. Бүгін отырыстың екінші күні. Қорғаушылар өтініші тыңдалып жатыр, Бишімбаев отырыс залына басқа есіктен әкелінді. Бүгін де журналистер отырыс залына кіргізілмеді. Қуандық Бишімбаев анасы мен қорғаушылары пікір білдіруден бас тартты.

Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, 9 қараша күні ұсталғанын еске саламыз. Қайғылы оқиға BAU мейрамханасында болды. 8 қаңтар күні Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталғаны хабарланды. 11 қаңтарда елордалық сотта оның қамауға алынуы 9 наурызға дейін ұзартылғаны туралы хабарланды. Кеше Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды. Онда Бишімбаев кінәсін мойындамайтынын айтты. Кеше қорғаушылар істі прокуратураға қайта жіберуді сұрады және айыптау мәнін өзгертуді өтінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу