Салымды теңгемен сақтайтындардың үлесі артты

584

Бірінші жартыжылдықта халықтан тартылған теңгемен ашылған депозиттер валютамен ашылғандардан 2 есе көп. 

Салымды теңгемен сақтайтындардың үлесі артты

Жеке тұлғалардың депозиттер көлемінің өсуі жылдың басынан бері алғаш рет оң аймаққа өтті – жарты жылдағы өсу 1,9%-ды құрады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Бұл ұлттық валютадағы депозиттердің өсуіне де ықпал етті, жыл басынан бергі өсім 8,2% (751,5 млрд теңге) құрайды. Шетел валютасындағы депозиттер 7,4%-ға қайта бағалауды есептемегенде 4,9%-ға қысқарды. Валюта құрылымындағы мұндай өзгерістер долларланудың жалпы деңгейінің маусымның қорытындысы бойынша 44,5%-ға дейін төмендеуіне әкелді

Бірінші жартыжылдықта халықтан тартылған теңгемен ашылған депозиттер валютамен ашылғандардан 2 есе көп. Жеке тұлғалар депозиттерінің долларлануы маусымда 2014 жылғы ақпаннан бергі ең төмен 46,8%-дық мәнге жетті.

Жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі депозиттердің жалпы көлемінің 47%-н құрай отырып, 8 384,8 млрд теңге болатын тарихи ең жоғары мәнге жетті.

Заңды тұлғалардың депозиттері де жылдың басынан бері 0,8%-ға ұлғая отырып, өсудің оң аймағын көрсетті. Бұл үрдіс шетел валютасындағы депозиттердің 2,5%-ға қысқаруы аясында ұлттық валютадағы депозиттердің 3,4%-ға өсуімен байланысты. Нәтижесінде валюталық депозиттердің үлесі 42,4%-ды құрады.

Теңгемен депозиттер бойынша орташа алынған мөлшерлеме 2017 жылғы желтоқсандағы 8,2%-дан төмендей отырып, маусымда 7,4%-ды құрады. Атап айтқанда, заңды тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша мөлшерлеме 8%-дан 7,1%-ға дейін, халықтың мерзімді депозиттері бойынша 11,7%-дан 11,2%-ға дейін төмендеді. Теңгемен салымдар бойынша мөлшерлемелердің төмендеуі базалық мөлшерлеменің 2017 жылдың соңындағы 10,25%-нан қазіргі 9%-ға дейін төмендеуі аясында орын алып отыр.

Маусымның қорытындысы бойынша депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі еркін айырбасталатын валютада 1,2%-ды (2017 жылғы желтоқсанда - 1,5%) құрады. Банктер халықтың еркін айырбасталатын валютамен мерзімді салымдарын 1,8% (2,1%) мөлшерлемесімен, заңды тұлғалардың салымдарын 0,9% (1,2%) мөлшерлемесімен тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу