Саясат Нұрбек Алматыдағы студенттік жатақханалар туралы: "Жағдай толық бақылауда"

531

Алматыдағы 35 университетте 198 мыңнан астам студент білім алып жатыр. 

Саясат Нұрбек Алматыдағы студенттік жатақханалар туралы: "Жағдай толық бақылауда" Фото: Ratel.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы студенттік жатақханаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз жер сілкінісінің дүмпулері туралы ақпарат түскен кезден бастап бірден ден қойдық. Студенттер шұғыл түрде эвакуацияланды. Барлығы ұйымдасқан түрде өтті. Университеттердің ректорлары мен проректорларына алғыс білдіремін. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің № 6 және 8 жатақханаларында құрбандар мен қирандылар бары туралы фейк ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз бірден ақпараттық хабарлама жібердік", - деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Ол жатақханаларда аздаған жарықшақтар анықталғанын баса айтты.

"Қазіргі таңда жағдай толық бақылауда. Барлық ректормен және жатақханаларға жауапты тұлғалармен байланыстамыз", - деді Ғылым және жоғары білім министрі.

Айта кету керек, Алматыдағы университет жатақханаларының ешқайсысы зардап шекпегенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу