Семейде мектеп маңында есірткі өткізген тұрғын ұсталды

459

Психотроптық заттың салмағы 9 грамнан асады.  

Семейде мектеп маңында есірткі өткізген тұрғын ұсталды Фото: polisia.kz

Мектеп жанында аса ірі мөлшерде есірткі өткізген Семей тұрғыны 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция дерегінше, тәркіленген психотроптық заттың салмағы 9 грамнан асады. Анықталғандай, ұсталған азамат интернет-дүкеннің есірткі жеткізушісі болып жұмыс істеген.

Бүгінде оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Аталған дерек ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оның санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", – деді полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Думан Үкіжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу