Семейдегі сауда үйінен шыққан өрт толықтай сөндірілді

274

Семей қаласының "Ақшын" сауда үйіндегі өрт сағат 20.55-те сөндірілді.  

Семейдегі сауда үйінен шыққан өрт толықтай сөндірілді Фото: gov.kz

Үш қабатты сауда ғимаратында шыққан өрт туралы хабарлама 6 ақпанға қараған түні сағат 02:27-де келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 2 минутта оқиға орнына жеткен кезде бірінші қабатта сауда бутиктері жанып, өрттің 2-ші қабат пен шатырға таралып жатқаны анықталды.

Өртті сөндіруге  өрттің жоғары №3 дәрежесі бойынша күштер мен құралдар жұмылдырылды, деп жазады inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ғимарат ішіндегі қою түтін мен жоғары температура, үлкен өрт жүктемесі, жанғыш материалдардың көп болуы және ғимарат құрылысының күрделі болуы салдарынан өрт тез таралып, сөндіру жұмыстарын қиындатқан. Өртті сөндіру барысында 3 қабаттың шатыры ішінара құлады. Қабылданған шешімнің арқасында өрт сағат 11:39-да оқшауланып, яғни өрттің таралуы тоқтатылды.

Полиция күштері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ғимараттың периметрін қоршады.

Қалалық мәдениет үйінде ТЖД және денсаулық сақтау басқармасының психологтары кәсіпкерлермен жұмыс жүргізді, 200-ден астам кәсіпкерге шұғыл-психологиялық көмек көрсетілді.

Өртті сөндіруге ТЖ және полиция департаменттерінен, Апаттар медицинасы орталығынан, ТЖМ 68303 әскери бөлімінен, "ҚТЖ" ҰК" АҚ, Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінен, "Зеленстрой" ЖШС-нен 487 адам, 46 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Қазір өрттің шығу себебі анықталуда, оқиға орнында ТЖД анықтаушылары мен зерттеу сынақ өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр. Өрт орнын қарауылдау, су төгу және қоршау үшін жеке құрамнан 264 адам, 31 техника жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу