Семейлік полицейлер "Автобус" іс-шарасын қолға алды

806

Семейлік полицейлер "Автобус" іс-шарасын қолға алды

2018 жылдың 18 қаңтары күні "Самара-Шымкент" автожолы бойында орын алған автобус тасымалының қайғылы оқиғасында 52 адам қаза тапқан еді. Сондықтан да аудан аралық және халықаралық тас жолдардың бойын тексеру үшін 22 қаңтар мен 18 ақпан аралығында Семей қалалық ішкі істер басқарамасының полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігіне тікелей жауапты мекеме өкілдерімен бірге "Автобус" алдын алу іс-шарасын  жүрігізіп жатыр,деп хабарлайды altaynews.kz.

"Бұл іс-шараға жол-патрульды полициясы қызметкерлерінен және басқа салалардан  1300 қызметкер жұмылдырылуда,-дейді Семей қалалық Ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов,-осы "Автобус" алдын алу шарасы кезінде полиция өкілдері ҚР Жол қауіпсіздігі ережесі қоғамдық көлік тасымалы қызметіндегі жүргізушілер тарапынан бұзылғандығы туралы 74 оқиғаны анықтап отыр. Жол жүріп бара жатып, телефонмен сөйлескен және радиодан музыканы ойнатып қойған 2 жүргізуші, жүріс айналымдарын бұзғаны11 жүргізуші үшін әкімшілік жауапкершілікке шақырылды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу