Шаруаларға бөлінген арзан дизель отынын сатып жіберген

650

74,4 млн теңге табыс тапқан.

Шаруаларға бөлінген арзан дизель отынын сатып жіберген

Ақтөбеде шаруаларға арзандатылған дизель отынын жеткізетін операторлардың бірі оны сатқаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мәселен, 2020-2021 жылдары жалпы көлемі 12,5 мың тоннадан астам төмендетілген бағамен дизель отынын алған ЖШС ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне бар болғаны 10,3 мың тоннасын жеткізген. Ал қалған 2,2 мың тонна көлемінде дизель отынын серіктестікке тиесілі жанар-жағармай құю станциялары желісі арқылы сатып, 74,4 млн теңге көлемінде қосымша кіріс алған", – дейді агенттіктен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу