Шекара маңындағы ауылдар қалай дамитын болады?

428

Осы жылы 170 жобаны іске асыру үшін 36,6 млрд теңге бөлінген.  

Шекара маңындағы ауылдар қалай дамитын болады? Фото: esquire.kz

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров шекара маңындағы аумақтарды дамыту үшін қандай жұмыстар қолға алынғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір елімізде 66 шекара маңындағы аудандарда 1,8 млн адам тұратын 1 383 ауыл орналасқан. Қолдау шаралары басым тәртіппен экономиканы, инфрақұрылымды, туризмді, шекара маңындағы сауданы дамыту, жұмыс орындарын құру, мемлекеттік шекарадан өту орындарын жайластыру және басқа да мәселелерді шешуге бағытталған. 2023 жылы ШҚО мен Абай облысындағы бұрынғы шекара маңы аудандары қалпына келтірілді. "Ауыл-Ел Бесігі" бағдарлама аясында 2019-2023 жылдары 511 шекара маңындағы ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша 1,8 мың жоба іске асырылды", - деді министр Үкімет отырысында.

Ол биыл 170 жобаны іске асыруға 36,6 млрд теңге бөлінгенін жеткізді.

"2023 жылы шекара маңындағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мақсатында 15,6 млрд теңгеге 72 жоба іске асырылды. 44 автомобиль өткізу пункттерін қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық шекаралас елді мекен "OTAU TV" қызметіне қосылды", - деді Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Айта кету керек, осыған дейін ауылда жұмыс істейтін 3,1 мың жас маман биыл баспаналы болатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу