Шенеуніктер журналистердің сауалына жеті күнде жауап беруге тиіс

985

Шенеуніктер журналистердің сауалына жеті күнде жауап беруге тиіс

Журналистер жаңа жылдан бастап ақпаратты жарияламас бұрын жазбаша келісім алуға міндетті, деп хабарлайды КТК.
Бірақ бұл талап құпия мәліметтерге ғана қатысты. Бүгін елбасы осындай баптар енгізілген бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға қол қойды. Құжат қаңтардан бастап күшіне енеді.
Яғни, журналист жеке отбасылық, коммерциялық, банктік және өзге де құпия мәліметтерді жұртқа жеткізу үшін алдын ала ескертіп, рұқсатын алады. Иесі келіспесе, материал жарыққа шықпауға тиіс. Жаңа заң бойынша, тілші тек мәдени шаралар, спорттық сайыстар мен көпшіліктің алдында сөйлеп тұрған адамдарды ғана рұқсатсыз видео, фотоға түсіріп, материалында  пайдаланады.

Сонымен қатар телеарна мен басылымдарға зорлық-зомбылық, қысым көрген баланың түрі анық көрінетін фото, видеоны жариялауға тыйым салынады. Ал шенеуніктер журналистердің сауалына қазіргідей үш күнде емес, жеті күнде жауап беруге тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу