banner

ШҚО-да өрт шыққан пәтерден 3 адамның денесі табылды

477

Қызыл жалын 4 шаршы метр аумақты шарпыған.    

ШҚО-да өрт шыққан пәтерден 3 адамның денесі табылды Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

ШҚО Жаңа Бұқтырма ауылында бес қабатты тұрғын үйде пәтер өртеніп, үш адамның денесі табылды, деп жазады inbusiness.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, 15 наурыз күні Жаңа Бұқтырма кентіндегі 5 қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтерден қатты түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде бөлмелердің бірінде диван, кілем, ағаш еденнің құрылымдары жанған. Үйдің жатын бөлмесінде 1973 және 1975 жылы туған ер адамдар мен 1977 жылы туған әйелдің денесі табылды. Өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болды", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 4 адам, 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Бүгінгі таңда көз жұмған үш адамның нақты өлім себебі анықталып жатыр.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу