ШҚО өрт сөндірушілері 17 литр қан тапсырды

448

Өңірдегі 40-қа жуық өрт сөндіруші мен құтқарушы донор қанына мұқтаж пациенттерге көмектесті. 

ШҚО өрт сөндірушілері 17 литр қан тапсырды Фото: gov.kz

ШҚО өрт сөндірушілері донорлық акцияға қолдау білдіріп, 17 литр қан тапсырды, деп жазады inbusiness.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараны "ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің" дәрігерлері "Шығыс Қазақстан қан орталығының" қатысуымен ұйымдастырды.

"Статистикаға сәйкес әрбір үшінші адам өмірінде қан құюды қажет етеді. 450 миллилитр қанымды беру арқылы науқастарға көмектескім келеді. Құтқарушылардың бұл шараға қатысуы маңызды деп ойлаймын. Донор – өмір сыйлаушы. Акцияға қатысуға мүмкіндігі бар адамдарды игі іске атсалысуға шақырамыз" - дейді облыстық № 6 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Дәурен Сүйінбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу