ШҚО тұрғындарына орманға баруға шектеу қойылады

521

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің тиісті қаулысы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

ШҚО тұрғындарына орманға баруға шектеу қойылады Фото: Livejournal

"Орманда өрт қауіптілігі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың ШҚО мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы" қаулыға өзгерістер енгізілді.

"Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шаралар өткізілетін жағдайларда, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары болатын кезеңде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын және орман пайдалану құқығы шектелсін", - делінген құжатта.

Бұдан бөлек тұрғындарды тұрғындарды өрт қаупі жоғары кезеңнің басталуы, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шаралардың жүргізілуі туралы хабардар ету де көзделіп отыр.

Құжатты жария талқылау 29 маусымға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу