Шығыс Қазақстанда 30 млн теңгеге жуық қарызын төлеуден жалтарған ер адам анықталды

426

Бұл туралы ІІМ ақпарат агенттігі хабарлады.  

Шығыс Қазақстанда 30 млн теңгеге жуық қарызын төлеуден жалтарған ер адам анықталды Фото: www.nur.kz

Ұлан ауданының полиция бөліміне Астана қаласының жеке сот орындаушысынан 52 жастағы қарыз төлеуден жалтарушыға іздестіру жариялау туралы қаулы келіп түсті. Ол шаруа қожалығына шамамен 30 млн теңге қарыз болған.

Қызметкерлер жедел шаралар қабылдап, бір тәулік ішінде борышкерді анықтады.

Қазір мәліметтер берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу