Шығыс Қазақстанда шөптің өртенуі тіркелді

401

Тіркелген жылу нүктелерін жедел пысықталып, өрт сөндіру бөлімшелері өрттің таралуына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылданады. 

Шығыс Қазақстанда шөптің өртенуі тіркелді Фото: ҚР ТЖМ

2023 жылдың 30 наурызы мен 03 сәуірі аралығында өрт сөндірушілер жалпы ауданы 3 гектардан асатын шөпті сөндіру үшін 11 рет шықты. ШҚО ТЖД Өрт қауіпті кезеңде бастапқы сатысында жануды бақылау үшін космомониторинг қолданылады.

ШҚО ТЖД Өрт қауіпті кезеңде мынадай ережелерді қатаң сақтау қажет екенін еске салады:

  •  шөпті өртеуге жол бермеңіз
  •  орманда от жағуға болмайды
  •  балаларға отпен және сіріңкемен ойнаудың қауіптілігі туралы түсіндіру
  •  жол жиектері бойымен жүріп келе жатып, сөндірілмеген темекі тұқылдарын автомобильдердің терезелерінен лақтыруға жол бермеу

Саяжай кооперативтерінің аумағында:

  • желді ауа райында от жағуға болмайды
  • жақын жерде алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы керек: Су құйылған бөшке, өрт сөндіргіш.

ШҚО ТЖД-да үйлердің маңындағы саяжайлардың аумағын жинау кезінде от жағуға тыйым салынғанын атап өтті. Қоқысты қаптарға салып, арнайы бөлінген алаңдарға шығару қауіпсіз.

Өртеуге келесі ережелерді қатаң сақтаған жағдайда ғана рұқсат етіледі:

-ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта, бақылаудағы арнайы темір ыдыста және желсіз ауа-райында, өрт сөндіру құралдары болған кезде

  Өрт анықталған жағдайда дереу "101" және "112"телефондары арқылы хабарлаңыз

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу