Шымкент тұрғыны өзгенің баласын үшінші қабаттан лақтырып жіберген

866

Бүлдіршіннің жағдайы ауыр.

Шымкент тұрғыны өзгенің баласын үшінші қабаттан лақтырып жіберген Фото: видео скриншот

Шымкентте әйел баласын үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Отырарға сілтеме жасап.

Оқиға кеше, 23 қыркүйек күні кешкі сағат 21-00 шамасында Ильяев көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Бала көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, жағдайы ауыр.

Көршілер мен куәгерлердің дәрігерлерге айтуынша, туысы сәбиді терезеден лақтырып жіберген.

Алайда оқиғадан кейін 40 жастағы әйелдің жындыханаға жеткізілгені белгілі болды.

"Сұмдық оқиғаға не себеп болғаны және ата-анасының баланы психикалық аурумен ауыратын туысқанына неліктен қалдырғаны әзірге белгісіз. Әр нұсқа болжам ғана. Бұл іске полиция нүкте қояды", - деп жазады басылым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу