Шымкентте 9 шетелдік қамауға

665

Шымкентте "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Шымкентте 9 шетелдік қамауға

Қала аумағында заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу, уақытша және тұрақты тұратын шетелдіктерді есепке алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚР көші-қон заңнамасын бұзғандарды анықтау мақсатында 16 қаңтардан бастап Шымкентте "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды otyrar.kz. 

Тәулік ішінде Шымкент қаласының полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері ҚР көші-қон заңнамасының 32 бұзушылығын анықтаған, оның ішінде 27 шетелдік азамат пен 5 Қазақстан азаматы бар.

15 құқықбұзу туралы ескерту жасалып, 8 әкімшілік айыппұл салынды, 9 шетелдік әкімшілік қамауға алынды және сот шешімімен басқа мемлекеттердің 2 азаматы елден шығарылды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы полиция департаментінің қабылдау-тарату орнына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 22 адам қамауға алынды.

Шетелдік азаматтарды заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз ететін 4 азамат және ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабын бұзған басқа мемлекеттің 1 азаматы анықталды.

Сонымен қатар, өзге мемлекеттің азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігін бұзғаны анықталды. "Мигрант" жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу