Шымкентте баспанасыз қалған 45 отбасы жаңа пәтерге кіреді

1685

Көппәтерлі ескі үй биыл маусым айында жанып кеткен болатын. 

Шымкентте баспанасыз қалған 45 отбасы жаңа пәтерге кіреді

Шымкентте баспанасыз қалған 45 отбасы келесі жылдың күзінде жаңа пәтерге кіретін болады. Құрылыс жұмыстары алдағы қарашада басталмақ, деп хабарлайды astanatv.kz.

"Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарын баспанасы күлге айналған 45 отбасымен кездесуден бастады. Көппәтерлі ескі үй биыл маусым айында жанып кеткен болатын. Олардың бұл мәселесімен партия өкілі әлеуметтік желіде танысыпты. Енді оларға арнап жаңа көп қабатты үй салу жоспарланып отыр.   

Зардап шеккен тұрғындарға жаңа үйден пәтер тегін берілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу