Шымкентте домбыра монументі ашылды

1637

Ұлттық домбыра күніне орай ашылған ескерткіш меценаттардың қаржысына тұрғызылған.

Шымкентте домбыра монументі ашылды

Монументтің биіктігі  7 метр. Қатты металдан жасалған. Суретшілер одағының мүсіншілерімен соғылған ескерткіштің салмағы 500 келі тартады, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Наурыз айынан бастап жұмыс істедік. Қалай шығады деп уайымдадық. Үш нұсқасы болған. Содан осы металдан жасауды таңдадық. Металл тозбайды ғой. Ал авторы мынау деп айта алмаймын. Көпшіліктің идеясы",– дейді Суретшілер одағының төрағасы  Әбдумүтәлі Ахметов.

Осы жолы іс-шараның соңына дейін қалған қала әкімі күмбірлеген күй үнінің өзіне ерекше әсер еткенін айтты. Тіпті мектеп кезінде бастап, кейін тастап кеткен домбыра тартуды үйренуді жалғастыруға ниетті екендігін айтты.

Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімі: "Қазақ xалқы жылап-жылап болдық қой. Енді күліп жүретін заман. Мен өзім бұрын мектеп кезінде домбыра үйренгем. Бір-екі күй білемін. Соны қайта үйренсем деп жүрмін".

Ескерткішке кеткен қаражат айтылмай тұр. Домбыра монументі Түркістан сарайының алдында орнатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу