Шымкентте дүкеннен телефон ұрлаған зейнеткер ұсталды

689

Оқиға барысы видеоға түсіп қалған.

Шымкентте дүкеннен телефон ұрлаған зейнеткер ұсталды Фото: Polisia.kz

Шымкентте зейнеткердің ұрлық жасаған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы дүкен қызметкері хабарлаған.

Сатушы ұрланған гаджет тауар тұрған сөренің үстінде жатқанын көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құрады.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бір сағаттың ішінде смартфонды ұрлаған адамның жеке басын анықтады. Ол 67 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Телефонға көзі түскен қарт келіншек сөрелерден белгілі бір тауарды іздеп жүргендей кейіп танытқан. Сатушының назары басқа жаққа ауғанын пайдаланып, смартфонды тез арада сөмкесіне салып, сауда нүктесінен шығып кетуге асыққан.

Тәртіп сақшылары гаджетті тәркілеп, заңды иесіне қайтарып берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу