Шымкентте ер адам медицина қызметкерлеріне шабуыл жасады

404

Қалалық ауруханалардың біріндегі пациенттің медициналық қызметкерлерге шабуыл жасағаны туралы бейнежазба желіде таралып жатыр.

Шымкентте ер адам медицина қызметкерлеріне шабуыл жасады Фото: видео скриншот

Шымкентте ер адам медицина қызметкерлеріне шабуыл жасады, деп жазады inbusiness.kz.

Бейнежазбадан науқастың дөрекі сөйлегенін, кейін күш қолданғанын көруге болады. Ер адамның қасында кішкентай баласы бар әйел жүрді.

otyrar.kz порталының жазуынша, оқиға 20 қыркүйек күні кешкі уақытта гипербариялық оксигенация орталығында болған. 28 жасар науқастың туыстарының сөзінше, ол улы сұйықтық ішкен. Ер адамның ашуға бой алдырғанын көрген дәрігерлер оған тыныштандыратын дәрі бермек болған. Алайда пациент орталық мамандарына күш көрсеткен.

Шымкент қалалық денсауық сақтау басқармасы бұл істің полиция департаментіне берілгенін мәлімдеді.

Еске салайық, осыған дейін Талғарда қайтыс болған науқастың ұлдары дәрігерлерді соққыға жыққанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу