Шымкентте кілем сататын дүкенде өрт шықты

1017

Өрт сағат 16,54-те басталып, 18.15-те толық сөндіріліп бітті.  

Шымкентте кілем  сататын дүкенде өрт шықты Фото: Otyrar.kz

9 маусым күні сағат 16.54-те Шымкент қаласындағы базарлардың маңында,​ Мейірімді көшесі, 25 үй мекенжайынан өрт туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды otyrar.kz.  Бір қабатты ғимаратта орналасқан​ кілем сататын "Есенжол" дүкенінде ашық отсыз қатты түтіндеу орын алған. Дүкеннің​ жалпы көлемі​ 432 шаршы метрді құрайды.​

Ғимаратта кілемдердің түтіндеуінен қалын түтін шыққан. Өрттің жалпы көлемі 260 шаршы.метр.​​

Өрт сағат 17:41-де оқшауланып, сағат 18:15-те толық сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен келтірілген материалдық шығынның көлемі анықталуда.​

Оқиға орнында Шымкент қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 40 адам және 6 техника жұмыс атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу