Шымкентте қоршаған ортаға зиян келтірген 7 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды

385

Енді бұл кәсіпорындар өндірістік технологиясын жетілдірмейінше, жұмыс істемейді.  

Шымкентте қоршаған ортаға зиян келтірген 7 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды Фото: egemen.kz

Қаладағы 7 кәсіпорынның жұмысы соттың шешімімен тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Otyrar телеарнасына сілтеме жасап.

"Ордабасы" және "Оңтүстік" индустриал аймағында орналасқан өндіріс орындарының кемшіліктері сол маңға жақын қоныстанған тұрғындардың шағымынан соң анықталған.

Енді бұл кәсіпорындар өндірістік технологиясын жетілдірмейінше, жұмыс істемейді.

Жалпы былтыр қаладағы кәсіпорындарда экологиялық талаптарды бұзудың 161 дерегі тіркелген. Олар табиғатқа 33 мың тоннадан астам зиянды қалдық тастаған.

"Департамент тарапынан 2022 жылдың 12 айында индустриалды аймақтардағы 18 кәсіпорынға тексеру жүргізіліп, жалпы соммасы 58 миллион теңгеден астам 48 әкімшілік айыппұл салынды. Бұл көрсеткіш тексеру бойынша 2 есе, айыппұл бойынша 4 есе артқан", - деді Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Берік Сәтенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу