Шымкентте қызғалдақтармен суретке түсуге байқау жариялады

2668

Жыл сайын көктем келгенде Шымкент қызғалдаққа көмкеріледі. Түрлі-түсті қызғалдақ мегаполис көшелерін сәнге бөлейді. 

Шымкентте қызғалдақтармен суретке түсуге байқау жариялады

Шымкент қаласының әкімдігі қызғалдақтармен суретке түсуге байқау жариялады, деп хабарлайды elitar.kz.

Жыл сайын көктем келгенде Шымкент қызғалдаққа көмкеріледі. Түрлі-түсті қызғалдақ мегаполис көшелерін сәнге бөлейді. Айта кетейік, өңірдегі таулар Кауфман және Грейг қызғалдақтарының отаны саналады. Осы гүлдерден әйгілі голланд қызғалдақтарының сұрпы шығарылған.

Былтырдың өзінде Шымкентте 1 млн 37 мың қызғалдақ егілген болатын. Олардың тұқымы Польшадан жеткізілген.

Көктем мен қаланың сәнін келтіретін гүлдерді насихаттау үшін жарияланған байқауға фотосуреттерді 15 сәуірге дейін тапсыруға болады. Суреттерді press_megapolis@mail.ru электронды мекенжайына немесе WhatsApp +7-747-910-4665 нөміріне жіберу керек. Барлық жұмысты әділқазылар бағалайды.

Сапасы және креатив бойынша үздік фотосуреттер қаладағы баннерлерде жарияланатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу