Шымкентте мектеп оқушысы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды

2352

Оқушы сабақ үстінде есінен танып қалған.

Шымкентте мектеп оқушысы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды Фото: freepik

Шымкентте дене шынықтыру сабағында 13 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Шымкент қалалық білім басқармасының хабарлауынша, 11 қаңтарда N48 орта мектепте дене шынықтыру сабағында сегізінші сынып оқушысы есінен танып қалған.

"Мектеп медбикесі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Келген жедел жәрдем бригадасы екінші рет арнайы жедел жәрдем шақырды. Алайда жедел медициналық жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, ол қайтыс болды. Қазір құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр", - деді Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 14 желтоқсанында Ақтөбедегі мектептердің бірінде оқушы қайтыс болды. Жетінші сынып оқушысы үзіліс кезінде сыныпқа жүгіріп кіріп, сүрініп кетіп, партасына соғылды. Ол клиникалық өлім жағдайында ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу