Шымкентте Наурыз мейрамында қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді

272

21-22 наурыз мереке күндері қалалық қоғамдық көліктерде Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары тегін тасымалданады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкентте Наурыз мейрамында қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді Фото: inbusiness.kz

"Наурыз мпрекесіне орай қала аумағында мыңға тарта қоғамдық көлік 77 бағытта жолаушыларды тасымалдаумен айналысады" - делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта. 

Сондай-ақ, Наурыз мерекесіне орай, 18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК, ал қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы бір реттік әлеуметтік көмек беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу