Шымкентте сарбаздар жүкті әйелді құтқарып қалды

836

Шымкентте сарбаздар жүкті әйелді құтқарып қалды

Шымкентте 6506 әскери бөлімінің сарбаздары жүкті әйелдің өмірін арашалап қалды.
ҚР Ұлттық гвардия баспасөз қызметініің мәліметінше, 20 қаңтар күні кешкілік қатардағы сержант Кенжетай Отарбай, Тұрар Уахит пен аға сержант Хамиджан Миргазием жол үстінде жатқан әйелді көреді.

Сарбаздар әйелдің жүрек соғысын тексеріп, Кенжетай Отарбай оған алғашқы көмек көрсетеді. Өзінің оқтан қорғайтын күртесін әйелдің астына төсеп жіберіп, жүрегіне массаж жасап, жасанды дем берген. Бұл кезде Хамиджан Миргазием жедел жәрдем шақырған.

Құтқарушылардың алғашқы көмегінен соң әйел есін жиып, емханаға жеткізілді. Сарбаздар дер кезінде көмек көрсетіп, әйелді ғана емес, құрсағындағы сәбиді де аман алып қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу