Шымкентте сыбайлас жемқорлық бойынша атышулы іске нүкте қойылды

443

Айыпталушылардың кінәсі сотта толықтай дәлелденді.

Шымкентте сыбайлас жемқорлық бойынша атышулы іске нүкте қойылды

Шымкентте Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары мен бөлім бастығы пара алды деп күдікке ілінген. Олар кәсіпкерден жер учаскесін мемлекет меншігіне алу кезінде кедергісіз өтемақы төлеуі үшін 5 млн теңге сұраған.

Айыпталушылардың кінәсі сотта толықтай дәлелденді. Шенеуніктер қызметінен айырылды, бірақ түрмеден сытылып кетті, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Сондай-ақ басылым мәліметінше, басшының орынбасары 50 миллион теңге, ал бөлім бастығы мемлекетке 58 миллион теңге төлеуі керек. Іс материалдарында басқарма басшысының да аты аталады. Оған бірнеше рет пара алды деген айып тағылады. Атап айтқанда, бөлім басшыларынан қызметтік міндеттерін орындау кезінде жалпы қолдауы үшін ол 200 мыңнан 800 жүз мың теңгеге дейін пара алған деп күдікке ілінді. Шендігі қатысты жаза әлі айқындалған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу