Шымкентте төрт сот таратылды

743

Бұл туралы қалалық сот басшысы хабарлады

Шымкентте төрт сот таратылды Фото: google.com

Шымкентте төрт сот таратылды. Бұл туралы inbusiness.kz тілшісі Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбековтің жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15 мамырдағы №216 Жарлығымен Шымкент қаласы бойынша Еңбекші, Абай, Әл-Фараби, Қарату аудандық соттары – екі ауданаралық сотты біріктіру және құру арқылы таратылды: азаматтық істер жөніндегі соттар және қылмыстық істер жөніндегі соттар. Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сот құрамында 34 судья бұрынғы Еңбекші және Абай соттарының ғимараттарында орналасатын болады. Талап арыздарды қабылдау Еңбекші сотының ғимаратында, істерді қарау – іс бөлінетін судьяның орналасқан жеріне байланысты жүргізіледі. Ауданаралық қылмыстық сот Тыныбаев көшесі, 42 мекенжайында орналасады. Сандық құрамы - 17 судья", - деп атап өтті қалалық сот басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу