Шымкентте тұрғын үй өртенді

510

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.  

Шымкентте тұрғын үй өртенді Фото: otyrar.kz

Шымкентте тұрғын үй өртенді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz Otyrar.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, І.Жансүгіров көшесінде 18 ақпан күні сағат 09:45-те жалпы көлемі 600 шаршы метрді құрайтын алты үйлі барак типті бір шатыр астында орналасқан тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, қасында тұрған екі үйге өткен. Өртке оранған үйлердің көлемі 150 шаршы метр қамыс төбе жаппасы және шатыры жанды.

Өрт сағат 11:11-де оқшауланып, сағат 11:42-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Өрт сөндіру қызметінен 21 қызметкер мен 5 дана техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу