Шымкентте ұрланған мал GPS арқылы табылды

290

Күдікті тұрғылықты мекенжайында ұсталды.

Шымкентте ұрланған мал GPS арқылы табылды Фото: ҚР ІІМ

Тұран АПБ-ның "102" арнасына мал ұрлығы туралы хабарлама келіп түсті. Жергілікті тұрғынның айтуынша, ол жайылымға 13 қой жіберіп, біраз уақыттан кейін оралғанда үш бас малы жоғалғанын білген.

Аталған арыз негізінде полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы бойынша тергеуді бастады. Мал ұрысын анықтауға жергілікті полиция қызметкерлері мен жедел уәкілдер жұмылдырылды.

Ұрланған мал иесінің бұрын солардың біріне орнатқан GPS құрылғысы арқылы табылды. Қойлар жеке үйдің ауласынан тәркіленді, үй иесі оның танысы малға қарай тұруды сұрағанын айтты. Күдікті тұрғылықты мекенжайында ұсталды.

Белгілі болғандай, иесіз жайылып жүрген малды байқаған күдікті көлігіне бірнеше қой салып алып, "ізін суытқан". 

Қазір ұсталғанға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Құқық қорғау органдары ауылшаруашылық жануарларына қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін GPS құрылғыларын орнатуды ұсынады және бұл мал ұрлығымен күресудің тиімді әдістерінің бірі екенін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу