8 наурызда Шымкентте жантүршігерлік оқиға орын алды

996

Оtyrar.kz сайтының жазуынша, Жиделібайсын көшесінде жүк пойызы жас жігітті қағып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

8 наурызда Шымкентте жантүршігерлік оқиға орын алды Фото: otyrar.kz

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, 18-20 жас аралығындағы жігітті пойыз 20-30 метрге жерге сүйреп кеткен.

Көліктегі полиция департаменті аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқандығын мәлімдеді.

"Шымкент стансасындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды", - ведомства ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу