Шымкенттегі ЖЭО газ тапшылығына байланысты қазандықтарды мазутпен қыздыруға көшті

425

Оған басты себеп - газ таратушы мекеме көгілдір отын тұтыну көлемін азайту туралы өтінім хат жолдаған.  

Шымкенттегі ЖЭО газ тапшылығына байланысты қазандықтарды мазутпен қыздыруға көшті Фото: vera.kz

Бұған еліміздегі табиғи газ тапшылығы әсер етіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Сондықтан шаһарды жылумен қамтамасыз ететін мекеме көгілдір отын тұтынуды 20% дейін төмендеткен. Бұған дейін сағатына 57 мың текше метр газ алып отырса, енді 39 мыңға дейін кемітуге мәжбүр. Соның салдарынан қаланы жылытуға резервтік мазут қоры жаратылып жатыр. Бұл жылу орталығын қосымша шығынға батырып отыр. Алайда, мамандар жылу беру кестеге сай жүріп жатқанын айтады.

"Сондай-ақ тариф бағасына да еш әсер етпейді" - деп сендіріп отыр. 

"10 күндік запастан бүгінгі күнге дейін 1077 тонна мазутты жақтық. Қазіргі кезде біз мазут жаққалы шығынға кіріп отырмыз 320 миллион теңгеге. Осы мәселе бойынша әкімдікке шыққан болатынбыз. Әкімшілік мазут мәселесін шешіп беруге көмектесеміз деп отыр. Министрлікке хат жазамыз деп отыр", - дейді 3-Энергоорталық" АҚ бас директоры Қайрош Оңғарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу