Шымкенттіктер "тілеу көжеден" дәм татты

497

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай "Шуақ шашқан әз-Наурыз" іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкенттіктер "тілеу көжеден" дәм татты Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Мерекелік іс-шарада қалалық мәдениет үйі, әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен өзге де мәдениет мекемелерінің өнерпаздары өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек және қазыналы қариялар мен ақ жаулықты аналар қала тұрғындарын наурыз мерекесімен құттықтады.

Халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғысы, наным-сенімі мен ұлттық ұстанымын насихаттау мақсатында өткен шарада "Тілеу көже", "Сүйінші сұрау", "Балаға ат қою", "Бесікке салу", "Жақсының орнына аунату", "Тұсаукесер", "Ашамайға мінгізу", "Қызды оң босағаға отырғызу", "Бұрымын өру", "Қыз ұзату" және "Беташар" ғұрыптарынан музыкалық-театрландырылған көрініс көрсетілді. 

Мерекелік кеш соңында алаңға жиналған көпшілік "Тілеу көжеден" дәм татты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу